"Дәрігерлерден түсініктеме алынды": Әкім орынбасары Ақтөбедегі келеңсіз жағдайға түсінік берді

593

 

Естеріңізде болса осыдан бірнеше күн бұрын әлеуметтік желілерде Ақтөбе ауруханасында жеткізілген науқасты қабылдамай жатқан видео тарап кеткен болатын. Бүгін аталған жәйтке қатысты облыс әкімінің орынбасары Нұржауған Қалауов түсініктеме берді.

Қалауовтың айтуынша, Ақтөбе облысында коронавирус жұқтырған науқастарды қабылдайтын орын жеткілікті. Дәрігерлер науқастарды қабылдау үшін арнайы 1536 адамдық орын әзірлеген. Оның 226-сы инфекциялық орын, 780-ы провизорлық орын, 500-і карантиндік орын. Аталған орындарда қазір орын жетіспеушілігі жоқ. Инфекциялық аурухананың - 50%, провизорлық мекеменің - 65%, карантиндік орынның - 57% бос тұрған көрінеді.

Нұржауған Қалауов  ауруханада орын бола тұра жеткізілген науқастарды неліктен қабылдамағанына түсініктеме берді.

Коронавирус жұқтырғандар стационарда жатыр. Олардан бөлек пневмониямен ауырғандар саны соңғы аптада күрт өсіп кетті. Қазіргі кезде 360 адам пневмония бойынша ем қабылдауда. Оларға Қарғалы және темір жол ауруханасынан орын берілген, сол жерлерде қабылдайды. Дегенмен, тұрғындар өздерінің тұрғылықты жері бойынша ауруханаға барғысы келеді. Сол себепті теміржол ауруханасына адамдар көптеп барып, ол жерде белгіленген орыннан асып кеткен.  Науқастарды басқа жерге жіберу бойынша наразылықтар болды. Ол бойынша тиісті шаралар жүргізілді, дәрігерлерден түсініктеме алынды. Оларды да түсінуге болады, ем жасаймыз деп күн-түнге қарамай жұмыс істеді. Тіпті олар 3 айдан бері үйлерін көрместен жатақханада тұрып жұмыс істеп жатыр, - деді Нұржауған Қалауов.

"Адырна" ұлттық порталы

Пікірлер
Редакция таңдауы