Біртанов жұмыстан кеткеніне түсінік берді

2395
Adyrna.kz Telegram

Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов не себепті жұмыстан кеткенін түсіндірді. Айтуынша, мемлекет басшысынан өзі сұранған. Министр елімізде эпидемиологиялық жағдайдың күрделеніп бара жатқанын айтып, бұрынғы әріптестеріне табандылық тіледі

"Құрметті әріптестер мен достар!

Бүгін Мемлекет басшысына мені Денсаулық сақтау министрі қызметінен босатуды сұрап өтініш жаздым.
Өкінішке қарай, мендегі асқынған пневмониялы коронавирус инфекциясы болғандықтан, қосымша ем алу қажет.
Сонымен қатар, қазір елдегі эпидемиологиялық жағдай күрделі – саланы министрлік пен аймақтық денсаулық сақтау басқармаларының деңгейінде басқару қажет деп санаймын.

Біздің денсаулық сақтау жүйеміз күн сайын артып келе жатқан ауыртпалықты жеңе алатынына сенімдімін. Ол үшін әрқайсымыз уақыт бөліп, беріліп қызмет етуіміз қажет. Барлық әріптестеріме денсаулық пен шыдамдылық тілеймін!
Мемлекет Басшысына қазақстандық денсаулық сақтау саласын дамытуға үлес қосуға мүмкіндік бергеніне және жоғары сенім артқаны үшін алғыс айтамын!",
 - деп жазды  бұрынғы министр.

 

Естеріңізге сала кетсек, Алексей Цой Денсаулық сақтау минситрі болып тағайындалды.

"Адырна" ұлттық порталы

Пікірлер