Дени ДЖОНСОН – миллионер ана: Сіз балаңыз үшін банкомат емессіз

3579
Adyrna.kz Telegram

Миллионер ана болу оңай емес, себебі отбасы мен бизнесті қатар алып жүру әркімнің қолынан келе бермейді. Назарларыңызға өмірдің  сынақтарына төтеп бере білген миллионер әрі көпбалалы ана Дени Джонсонның бала тәрбиесіндегі 6 ұстанымын ұсынамыз.

Дени Джонсон:

Балаларды мақсатты түрде тәрбиелеу

  • Байлар болашақ Гарвард түлектерін, дәрігерлерді не келешек президенттерді тәрбиелейді. Әлеуметтік жағдайы орташа отбасылар «Мүмкін баламның жолы болып кетер» деген оймен ғана тәлім береді.

Менің ауқатты тұратын достарымның отбасыларында бір қызық оқиға орын алды. Ұлдарының оқуға деген ынтасы ашылмай, өмірде не істегісі келетінін білмей дал болады. Сол кезде отағасы баласын үйсіздерге арналған баспанаға тегін жұмыс жасауға жібереді. Бір аптадан кейін жеткіншек үйге оқуға және отбасылық бизнеске араласамын деген зор құлшыныспен оралады.

Мобильді телефонсыз және теледидарсыз балалық шақ

  • Бүгінде қарапайым баланың «жан досы» кім ? Әсте, теледидар, мобильді телефон және компьютер. Дени Джонсонның балалары алғашқы телефондарына 16 жасында ғана қол жеткізді, ал теледидар үйде мүлдем болмапты.

Бизнес леди былай сыр шертеді: «Менің балаларым мобильді телефон ұстамайды, себебі олар мүлдем ақша таппайды. Телефон адамды өз уақытын реттемеуге және жоспарламауға үйретеді, ал теледидар дұрыс емес өмір модельдерін көрсетеді. Спанч Боб туралы мультфильм сізді неге үйретеді? Өз бетімен кеткен жалқау өзгелерді алдап, сан соқтырғанына ғана мәз. Сіз ұлдарыңыздың осындай ер адам болып өскенін қалайсыз ба? Ал қыздардыңызды сондай жігітке ұзатар ма едіңіз? Егер 30 күн теледидар қарамасаңыз, бұл тәуелділіктен құтылуға болады».

Баланы жұмысты сүюге үйретіңіз

  • Демалыс күндері жақындағанда балаларыңыз қандай сөздер естейді? «Алақай, ертең жұма», «Енді бұл жұмыстан демалатын болдым», «Менің бастығым шошқа секілді, ал жұмысым мүлдем ұнамайды». Осындай сөздерді естіген бала қалай мықты жұмыскер, еңбекқор қызметкер болады?!

Сіз балаңыз үшін банкомат емессіз

  • Мен балама аяқ киім сатып алу үшін 50 доллар беремін. Ол ақшаға керемет аяқ киім сатып ала алмайсыз. Егер балам қымбат дүниені қаласа «Өзің ақша тап немесе жаппай сатылымды күт» деймін.

Ата-ана жасауы мүмкін ең жаман нәрсе – өздері ақша тауып, өздері қол жеткізе алмаған дүниелердіа балаларына алып беруі. Алайда балалар өскен кезде дайын асқа тік қасық болғысы келеді.

Жұмсау керек пе әлде жинау керек пе?

  • Ақшаны жұмсаудың екі жолы бар: керек емес дүниелерді сатып алу арқылы немесе балаларды ақшаны жинауға, табуға үйрету.

«Баланы қажетсіз дүниелерге ақша жұмсамауға қалай үйретуге болады? Біздің үйде 10 доллар жинасаң, үстіне 10 доллар аласың деген ереже бар. Қажетті ақша жиналған кезде бала өзінің дамуына септігін тигізетін заттар сатып ала алады. Өзгелер сатып алып жатқан нәрселерді алмаңыз! Әдетте бұл тек бос орын алатын артық нәрселер».

Балаңызды жомарт болуға үйретіңіз

  • Табысты адамдардың басым бөлігі қолының ашықтығымен ерекшеленеді. Олар жомарт жандар. Балаңызды адамдарды сыйлай білуге үйретіңіз.

 

Диана АСАНОВА,

«Адырна» ұлттық порталы

Пікірлер