Жазушы Нұрдәулет Ақыштың кітаптары жарық көрді

4563
Adyrna.kz Telegram

Жамбыл атындағы жасөспірімдер кітапханасында белгілі ғалым, жазушы Нұрдәулет Ақыштың «Аласа таулар аясында» және «Махаббатпен арашалау» атты кітаптарының тұсауы кесілді, деп хабарлайды «Адырна» ұлттық порталы.

Тұсаукесер рәсіміне Қуандық Түменбай, Саят Қамшыгер, Нұржан Қуантайұлы, Назым Сләмқызы, Гүлжанат Ихсанова сынды қаламгерлер, суретші Еркін Нұразхан, оқырмандар мен баспасөз өкілдері қатысты.

Тұсаукесерге жиылған қаламгерлер Нұрдәулет Ақыш шығармашылығы туралы ойларын айтып, пікірлерімен бөлісті. Ақын Саят Қамшыгер жазушы шығармашылығында езуге күлкі үйіретін жеңіл сатираның барлығын, сондай-ақ адамгершілік құндылықтардың жиі көтерілетінін сөз етсе, жазушы Қуандық Түменбай Нұрдәулет Ақыштың аға буын ішінде шоқтығы биік бірегей қаламгер екенін, жазушылықтан бөлек әдебиеттану ғылымында да өз жолын сала білгенін тілге тиек етті.

Жиын барысында оқырмандар қаламгерге сұрақтарын қойып, бірге суретке түсті. Келген қонақтарға жазушының жаңа кітаптары сыйға тартылды.

«Адырна» ұлттық порталы

Пікірлер