Шымкентте құрылыс жұмыстары қарқынды жүргізілуде

2303
Adyrna.kz Telegram

Қазіргі заманда дамыған елдерді электр желілерінсіз елестете алмайсыз. Ал қазіргідей цифрландыру дәуірінде оның көмегі тіпті керек-ақ. Шүкір, еліміз егемендік алғалы, елдің еңсесі тіктеліп, дамудың әлемдік көшіне ілесіп, даму үстінде. Қазір Қазақстанның әр өңірінде электр желілерімен, интернетпен қамту жұмыстары жолға қойылып, өзінің оң әсерін көрсете бастады десе болады. Атап айтар болсақ, қазіргі таңда алып шаһар Шымкентте бұл жұмыстар өзінің оң нәтижелерін көрсетуде.

 

Нақты айтқанда, қазіргі уақытта Шымкентте Азат, Қарабастау, Қаратөбе, Бадам-1, Өтеміс, Шапырашты, Жыланбұзған, Самал-3, Қайтпас-1 елдімекендеріндегі 15 мыңға жуық тұрғын электр желісіне қосылды.

 

Сондай-ақ, қазірде Асар-2, Тассай, Ақтас-1,2 шағын аудандарында құрылыс жұмыстары жүргізіліп жатыр. Жыл соңында аталған шағынаудандарда 8 мыңнан астам тұрғын сапалы электрге қол жеткізеді деп күтілуде.

 

Биыл сапасы төмен электрден жарық алатын 16 елдімекеннің ішкі электр жүйелері мен қаланың солтүстік бөлігін сапалы электрмен қамтуға мүмкіндік беретін 3 қосалқы станцияның құрылысы жүргізіліп отыр.

 

Сонымен қатар, жыл соңында 7 нысанның құрылысы аяқталса, 13 елдімекенде 23,5 мыңға жуық адам сапалы электр қуатымен қамтылатын болады.

Бұл Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметінің таратқан мәліметі. Аталған жұмыстар уақытында әрі сапалы аяқталып, қала қазіргіден де асқақ, сәулетті, дамыған мегаполиске айналарына сенеміз.

 

Думан Аманжолұлы,

“Адырна” ұлттық порталы

 

Пікірлер