Қазақстандық қызанақтардан вирус табылды ма?

2447
Adyrna.kz Telegram

ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі Ресейдің қазақстандық қызанақтардан вирус табылды деген мәлімдемесіне жауап берді. Ведомствоның айтуынша, бұл ақпарат шындыққа жанаспайды, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

2020 жылдың желтоқсан айында ветеринарлық және фитосанитарлық қадағалау жөніндегі федералдық қызмет (Россельхознадзор) «Green Capital Kazakhstan», «Green Land Alatau» ЖШС-нің өнімдерінде қызанақ жемістерінің қауіпті вирусы (Tomato brown rugose fruit virus немесе ToBRFV) анықталғандығы және «Greenhouse-Qaztomat» ЖШС-гі өндіретін қызанақты алып келуге шектеу енгізгені туралы хабарлама жіберген.

Осыған байланысты ҚР АШМ Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитеті шұғыл түрде ресми тексеру ұйымдастырды.

«Өсімдіктер карантині жөніндегі мемлекеттік инспекторлар, сондай-ақ «Фитосанитария» РМК, «Фитосанитарлық диагностика және болжамдар әдістемелік орталығы» РММ және «Республикалық өсімдіктер карантині орталығы» ММ мамандары ПТР-талдау жүргізу мақсатында сынамаларды алу үшін «Greenhouse-Qaztomat» ЖШС-де комиссиялық тексеру жүргізді.
Талдау үшін Ресей Федерациясының «Бүкілресейлік өсімдіктер карантині орталығының» жедел тесттері қолданылды. Ықтимал қателер мен келіспеушіліктерді болдырмау үшін зертханалық талдау әдістері ресейлік ұйымның мамандарымен бірге жасалды. Сараптама қорытындысы бойынша «Greenhouse-Qaztomat» ЖШС өнімдерінде ToBRFV вирустары анықталған жоқ»,-деп мәлімдеді министрлік.

«Адырна» ұлттық порталы

 

Пікірлер