Көпбалалы аналар қоғамдық көлікте тегін жүреді

2534
Adyrna.kz Telegram

Алматыда көпбалалы аналар қоғамдық көлікте тегін жүреді, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі. Бұл туралы қала әкімі Бақытжан Сағынтаев Facebook желісіндегі ресми парақшасында жазды.

«Алматыда қоғамдық көлікте тегін жүруге құқылы адамдардың санатын кеңейтпекпіз.

Алматы мәслихатының депутаттары басқа мемлекеттердiң аумағындағы ұрыс қимылдарының ардагерлеріне, «Алтын алқа» мен «Күміс алқа» алқасымен марапатталған көпбалалы аналарға, сондай-ақ 18 жасқа дейінгі мүгедек баланы алып жүретін адамдарға қаладағы қоғамдық көлікте жеңілдікпен жүру туралы шешімімізді қолдады.

Бұл шешім «Ардагерлер туралы» 2020 жылғы 6 мамырдағы жаңа Заңға сәйкес, сондай-ақ қала тұрғындарының әлеуметтік-экономикалық жағдайын жақсарту мен оны қорғау мақсатында қабылданды.

Қалалық Әлеуметтік әл-ауқат басқармасының мәліметінше, шаһарда 18 жасқа дейінгі мүгедек балаларды алып жүретін 1161 адам бар. Бұл санаттағы адамдарға 50% жеңілдік беріледі. Ал «Алтын алқа» мен «Күміс алқа» алқасымен марапатталған 4663 көпбалалы анаға тегін жол жүру құқығы беріледі»,-деді ол.

«Адырна» ұлттық порталы

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
У мужчин челюсти отвалились, когда они увидели ее страстный танец
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Женатым лучше не смотреть: танец роскошной Татьяны (видео)
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Весишь 81? А будешь 51! Похудение для ленивых! Пейте 1 кислую...
Пікірлер