Оңтүстік Кореяның ғылымы мен технологиясының өркендеуіне АҚШ ықпал етті

4111
Adyrna.kz Telegram

1945-інші жылы АҚШ пен КСРО Жапониядан тәуелсіздік алған Корея мемлекетін 38-інші параллель бойынша екіге бөледі. Сол жылдары Солтүстік Корея өндірісі дамыған, Оңтүстік Корея ауылшаруашылықпен айналысатын артта қалған ел еді.

Біз білетін Самсунг компаниясы ең алғаш құрылғанда жұмысын ұн сатумен бастаған. Қазір айналымы триллион долларға жақындап, тек телефоннан түскен табысымен Тайландтың халқын асырай алады екен. Содан соң оларда соғыс болды. 1960-ыншы жылдары Оңтүстік Корея әлемдегі ең кедей елдердің бірі еді. Жан басына шаққандағы өнім жылына 80 $ болып, Либерия мен Гватемала елдерінен де төмен болды. Африканың көп елдерінен артта қалған еді. Мысалы үшін сол жылдары Ганада ЖІӨ 180 доллар болса, Түркияда 360 доллар еді. ЖІӨ-імі 1960-ыншы жылы 2.3 миллиард болса, 1988-інші жылы 197 миллиард, 2017-інші жылы 1,5 триллион доллармен әлемдегі 11-інші үлкен экономикаға айналды. Батыс елдерінің ғасырлар бойы дамуын Оңтүстік Корея 30 жылда орнатып алды. Жерін қазсаң бір тамшы мұнай шықпайтын Оңтүстік Корея қалай дамып кетті деген сұрақ туындайды. Бірінші себеп Вьетнам соғысында қаза тапқан 58 000 Американдық солдатпен бірге 5100 Оңтүстік Кореялық солдаттар болды.

   Әлі күнге дейін Оңтүстік Кореяда 30 000 дай Американдық әскерлер бар. Яғни Американың жақсы серіктес мемлекеті болғанының пайдасы тиді. Екінші дүниежүзілік соғыста жеңген бізді немістер неге бізден бай тұрады деген сұрақ әр қазақты мазалайды. Неміс халқының генетикасы солай енді. Сол сияқты кәрістер де жапондар сияқты генетикасы еңбекқор ұлт.

Сосын Корея көп өндіріс орындарын жеке фирмаларға берді. Өмірде екі тип адамдар болады екен. Біреулері өмірдегі сәтсіздіктерін өзінен іздесе, екіншілері оны айналасынан, мемлекеттен, қоғамнан іздейді. Кореяда бірінші санаттағы адамдар көбірек екен. 1998 Шығыс Азия елдері кризисінде Кореялық әйелдердің алтын жүзіктерін мемлекетке өткізіп, мемлекетке жәрдем бергенін де айта кету керек. Өздері де ғылым мен білімге көңіл бөлді. Әлемнің мықты инженерлерін әкелді. Технологияны олардан үйреніп қана қоймай, технологияны дамыта алды. Бір президентке жабысып қалмады. Көп президенттерін жемқорлық ісі бойынша соттады.

 

Сәбит РЫСБАЕВ,

"Адырна" ұлттық порталы

Пікірлер