Ескерткішті армандамаған: Герольд Бельгер туралы үзік ой

2115
Adyrna.kz Telegram

“Ескерткішті армандамаған еді”. Бұл туралы жазушының жары Раиса Хисматуллина Герольд Бельгерге қойылған ескерткіштің салтанатты ашылуында айтты. Оның айтуынша, жазушы өзіне ескерткіш, мемориалды тақта салдыруда армандамаған, өте қарапайым адам болған, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы baq.kz-ке сілтеме жасап.

"Герольд Бельгер 1954 жылдары еліміздің солтүстігінен шуақты Алматыға көшіп келді. Ол бұл қаланы жанындай жақсы көрді және осында өзін бақытты сезінді. Осы осы аллеяда серуендеп, көп тынығатын. Міне, бүгін оның жүрген жеріне ескерткіш қойылып отыр. Осындай керемет ескерткішті бізге сыйлаған мүсінші Нұрлан Далбайға алғыс білдіремін. Бұл мүсіншіні таныстырудың қажеті жоқ, ол - Тәуелсіздік монументінен бастап көптеген атақты ескерткіштерді жасаған адам. Оның жұмыстарының бәрі шедевр", - деді Раиса Хисматуллина.

Сонымен қатар ол бұл ескерткішті тұрғызуға көп тер төккен кионорежиссер Ермек Тұрсыновқа да алғыс айтты.

"Герольд Бельгер әрдайым Ермек Тұрсыновты құрметтеп, оны шынайы жақсы көрді. Ермек осы ескерткішті жасау үшін 5 жыл ішінде көптеген табалдырықты тоздырды. Ол өз идеясы бойынша осы ескерткішті жасауды қалады. Ермек Герольдті әкесіндей көрді, оның көзі кеткеннен бері ол көп іс тындырды. Ондайды тіптен туған ұлы да істей алмас еді", - деді жазушының жары.

Ол кісі мұндайды жақтырмаушы еді. Кішіпейіл, қарапайым адам болды ғой. Бұл ескерткіш ол кісіге емес, бізге керек деп ойлаймын..." - деді Ермек Тұрсынов.

Сондай-ақ кинорежиссер, жазушы Ермек Тұрсынов та бүгін үлкен бір араманы орындалғанын айтты.

"Гер-аға осыдан 6 жыл бұрын бізбен қоштасып кеткен еді. Содан бері армандап жүрген бір ойым бүгін орындалып отыр. Ол кісі кетер алдында "менің қолжазбаларымның барлығын кітап етіп шығарып бересің" деп аманаттаған. Бірақ ескерткіш туралы ешқандай әңгіме болған жоқ. Бұл - менің өз ойымнан шыққан нәрсе. Ол кісі мұндайды жақтырмаушы еді. Кішіпейіл, қарапайым адам болды ғой. Бұл ескерткіш ол кісіге емес, бізге керек деп ойлаймын. Сондықтан Гер-ағам қайтадан елге оралды", - деді Ермек Тұрсынов.

Пікірлер