Бүгін – Асхат Аймағамбетовтың туған күні

5023
Adyrna.kz Telegram

Бүгін ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов 39 жасқа толды, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

Асхат Аймағамбетов 1982 жылы Қарағанды облысында дүниеге келген. «Тарихшы, тарих пәнінің ұстазы» және «құқықтану» мамандықтары бойынша екі жоғарғы білімі бар. Еңбек жолын 2002-ші жылы Е.А. Бөкетов атындағы ҚарМУ-де бастаған.

«Аңсар» Жастар лигасын басқарған. Екі мәрте Қарағанды қалалық мәслихатында өзін өзі ұсынушы ретінде депутат болып сайланған.

2012  жылдан бастап мемлекеттік қызметте жұмыс істейді. Нұра ауданы әкімінің орынбасары, Қарағанды облысы Білім басқармасының басшысы қызметтерін атқарды. 2017  жылдың тамызынан бастап министр тағайындауына дейін Білім және ғылым вице-министрі лауазымында болып, мектепке дейінгі және орта білім, сондай-ақ жоғарғы білім мен ғылым мәселелеріне жетекшілік еткен.

«Адырна» ұлттық порталы

Пікірлер