Израиль қайтадан маска режиміне көшті

2041
Adyrna.kz Telegram

Бұған дейін Израиль билігі коронавирус аяқталды деп мәлімдеме жасаған болатын. Елде 25 маусымнан бастап коронавирус жағдайлары күрт көбейді. Соған байланысты үкімет жабық кеңістікте бетперде кию туралы шешім шығарды. Бұл туралы елдің денсаулық сақтау министрлігінің сайтында ақпарат берілді, деп хабарлайды «Адырна» ұлттық порталы.

«Бүгінгі 12:00-ден бастап аурудың өсуіне байланысты ашық кеңістікті қоспағанда, барлық жерде бетперде кию міндеті енгізілді», - делінген сайтта.

Олар 7 жасқа дейінгі балалар пен спортпен айналысатын адамдарға жаттығу кезінде бетперде кимеуге рұқсат берді.

"Адырна" ұлттық порталы

Пікірлер