Әйгілі бразиялық футболшы Пеле ауруханаға түсті

3305
Adyrna.kz Telegram

Әйгілі бразилиялық футболшы, XX ғасырдың үздік футболшысы Пеле 31 тамызда, сейсенбі күні таңертең ауруханаға түсті, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталының тілшісі O Dia басылымына сілтеме жасап. 

Ойыншы Сан-Паулу қаласындағы Альберт Эйнштейн атындағы ауруханаға түскені анықталды. Дереккөздің хабарлауынша, 80 жастағы спортшы есінен танып қалған. Оқиғаның себебін анықтау үшін футболшы реанимация бөліміне жатқызылды.

Кейінірек спортшы өзінің Twitter-дегі парақшасында есін жоғалтпағанын және өзін жақсы сезінетінін жазды. Ол коронавирустық пандемияға  байланысты бұрын бара алмаған тексеруден өтіп жатқанын атап өтті. Тіпті алдағы жексенбіде алаңға шығатынын мәлімдеп, қалжыңдады.

Айта кетейік, аты аңызға айналған Пеле Халықаралық футбол федерациясының (ФИФА) нұсқасы бойынша жүз жылдықтың ойыншысы атанып,  Бразилия құрамасында үш рет әлем чемпионатын алған.  

"Адырна" ұлттық порталы

Пікірлер