Өзбек-ауған шекарасында кескілескен шайқас болды: өзбек шекарашысы қаза тапты

12864
Adyrna.kz Telegram

Ауғанстанмен шекарада атыс орын алып, өзбек солдаты қаза тапты. Бұл туралы президент Шавкат Мирзиёев Наманганда сайлаушылармен кездесуінде айтты, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

«Нигох» Telegram -арнасының хабарлауынша, жанжал 26 қыркүйекте Ауғанстаннан келген есірткі сатушы Өзбекстанның мемлекеттік шекарасын заңсыз кесіп өтпек болған кезде орын алған.

«Кеше мемлекеттік шекарадан заңсыз өту әрекеті орын алды. Бірақ біздің ұстанымымыз берік, қажет болған жағдайда біз шекарамызды қарумен қорғаймыз. Өз борышын абыроймен атқарған бір жауынгеріміз ерлікпен қаза тапты. Ол осы Наманган жерінің баласы », - деді президент.

Бір ай бұрын Ауғанстан билік басына келген және әлемнің бірнеше елдерінде тыйым салынған «Талибан» қозғалысы бұл елді есірткісіз аймаққа айналдыратынын жариялады.

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Пышнотелая танцовщица заставила зал замереть! Только посмотрите
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Диалог бабушки и внучки! Такое видео вызывает смех сквозь слезы…
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Видео: малютка и бабуля обсуждают жизнь — умора
Пікірлер