Еңбекші ауданында биыл 15 спорт алаңшасы ашылады

3335
Adyrna.kz Telegram

Шымкентте қала әкімінің жастарды спортқа баулу жөніндегі тапсырмасына сәйкес бірқатар жоба қолға алынған.

Тәуелсіздіктің 30 жылдығы қарсаңында биыл Еңбекші ауданы аумағында 15 спорт алаңшасын салу жоспарланып отыр. Бүгінге дейін 1 спорт алаңы құрылып, тұрғындар игіліне тапсырылды.
Ал 14 спорт алаңшасын құру жұмысы қарқын алып, жыл соңына дейін пайдалануға берілмек.
Тұрғындарын бұқаралық спортпен қамтуды қолға алған Еңбекші ауданы әкімдігі тарапынан құрылыс жұмыстар бақылауға алынып, сапасы мен уақытылы пайдалануға берілуін қадағалап отыр.

Пікірлер