Өзбекстандағы сайлау: Мирзиеев 80,1% дауыспен жеңіске жетті

3109
Adyrna.kz Telegram

ОСК басшысы Зайниддин Низамходжаев Өзбекстанның қазіргі президенті Шавкат Мирзиеев 80,1 %  жинап, сайлауда жеңіске жеткенін мәлімдеді, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

- Либерал-демократиялық партияның кандидаты Шавкат Мирзиеевке сайлаушылардың жалпы санының 80,1 пайызы дауыс берді, - деді Низамходжаев дүйсенбіде өткен баспасөз мәслихатында.

Халықтық-демократиялық партиясы төрағасының орынбасары Максуда Варисова 6,6 пайыз жинап, екінші орында, "Миллий тикланиш" (Ұлттық жаңғыру) Ұлттық-демократиялық партиясының төрағасы Әлішер Қадыров 5,5 пайызбен үшінші орында тұрды. Төртінші - 4,1 пайыз жинап, Экологиялық партияның жетекшісі Нарзулло Обломуродов және "Адолат" (әділеттілік) социал-демократиялық партиясының төрағасы Бахром Абдухалимов, 3,4 пайызбен соңғы болды.

Айта кетейік, бұған дейін Қасым-Жомарт Тоқаев Шавкат Мирзиеевті Өзбекстан президенті лауазымына қайта сайлануымен құттықтағанын хабарлаған болатынбыз. 

"Адырна" ұлттық порталы

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Девушка из г Колумбус опозорилась на всю Беларусь! Видео ошеломит
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Этот танец невесты оставит вас без слов! Пересмотрела 10 раз!
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Не смейте выбрасывать зажимы от хлебных упаковок: они бесценны
Пікірлер