Жұбан ана мазары

6216
Adyrna.kz Telegram

X-XI ғғ. салынған Жұбан Ана кесенесі Жаңаарқа ауданы, Жезқазған-Қарағанды теміржолынан солтүстікке қарай 4 шм жерде орналасқан.Өкінішке орай, оны салған адамның есімі де, бұл ,имаратты тұрғызу тарихын да білмейміз. Осыған қарамастан, Жұбан Ана кесенесі осы аймақта орналасқан орта ғасырлардағы ең қызықты сәулет өнері ескерткіштерінің бірі болып табылады.

Кесене бір камералы күмбездік құрылыс болып, жобасы жағынан төртбұрышты болып келеді. Сыртқы периметрі бойынша кесене өлшемдері 6х6м, іргетастың төменгі нүктесінен күмбездің жоғары нүктесіне дейін 6 м құрайды, кесененің жалпы көлемі 190м3.

Жұбан Ана кесенесінің сәулеті бірегей болып табылады,осылай оны құрған шебер абсолюттік түрде нақты инженерлік есептерді талап ететін күрделі құрылыс амалдарын пайдаланған.Күмбезді-орталықтас, біркамералы құрылыс, ішінде жарты шар тәріздес және сыртқы шатырлық күмбездері бар – осындай құрылыс кесенеге сәулетті түрді беріп, құрылыстың төзімділігін қамтамасыз етеді. Іргетасы биіктігі шамамен 50 см құрайтын тас тақталарынан салынған, ішінен алебастрлы ерітіндісімен сыланған. Кесене салынған кезінде өлшемі 27х27х6 см құрайтын кірпіш қолданылған, айта кететін жайт, барлық кірпіште іс жүзінде геометриялық фигурасы мен бірыңғай өлшемі бар. Бұл сол кездегі құрылыс материалдарының өндірісінің дамыған мәдениетін дәлелдейді.

Жоғарыда айтып өткендей, ғимарат өлшемдері сыртқы периметрі бойынша 6х6 м құрайды, ішкісі бойынша 4х4 м құрайды, жалпы биіктігі 6 м. Күмбезі мен барабаны күйілген кірпіштен салынған. Төрттіктен сегіздікке өтетін жері ғимарат бұрыштарында доғалық желкендерін орнату арқылы жасалған, ал сегіздіктен 16-қырлысына және күмбез шеңберіне дейін кірпіш консольдері арқылы жасалған. Күйілген кірпіш ғимарат ішінде бес доғалық желкендерінің деңгейінен бастап қолданылған. Бүкіл қалау арнайы балшық ерітіндісінен жасалынған, оны дайындау құпиясы жоғалтылған, бірақ бұл өте мықты материал болғаны сөзсіз, ауа райының қиын жағдайларына қарамастан сол қалау біздің уақытымызға дейін жетіп, жақсы сақталынған. Кесенеге кіру есігі сүйір доғаның түрінде жасалған және оңтүстік-шығысқа бағытталған. Ескерткіштің негізгі салмақ түсетін құрылымы күйілген және өңделмеген кірпіштен жасалынған,оның үш қабатты жүйесі бар.

Жұбан Ана кесенесі жайындағы алғашқы жазба дерегі 1762 жылы жарияланған П. И. Рычковтың «Топоргафия Оренбургская» еңбегінде табылған. Айта кететін жайт, П. И. Рычков Орталық Қазақстанда ешқашан болмай, ескерткішке сипаттамасын берді. Оның сипаттамасы біздің уақытымызға дейін жетпеген дерекнамалар бойынша берілген. Тұнғыш болып жобаны түсірген және кесенені сурет етіп салған 1863 ж. Ш. Ш. Уәлиханов болды деген мәлімет бар.

1946ж.кесенені Қаз КСР Ғылымы академиясының Орталық-Қазақстандық археологиялық экспедициясы (Ә.Х. Марғұлан) зерттеген. 1974ж.Қаз КСР Министрлігінің экспедициясы ескерткішті өлшеп, сурет фиксациясын жасаған (М. А. Маманбаев, М.К. Сембин, М.С. Нұрқабаев).

Қазіргі кезде Жұбан Ана кесенесі мемлекеттік республикалық маңызындағы тарих пен мәдениет ескерткіштері тізіміне қосылған.


  “Рухани жаңғыру” бағдарламасы аясында

Қарағанды облыстық мәдениет, мұрағат

және құжаттама басқармасы мен “Адырна”

ұлттық порталының бірлескен жобасы


 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Пікірлер