Зеленский: Донецк, Луганск, Қырымдағы ағайындармен бірлесіп, суретке түсеміз!

3825
Adyrna.kz Telegram

Украина президенті Владимир Зеленский жаңа жылдық үндеуінде ел тұрғындарына 2022 жылы Украина Қарулы Күштерінің әскерилері Қырым мен Донбасста суретке түсе алатынына уәде берді, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Мемлекет басшысы сондай-ақ келесі жылы Киев елдің шығысындағы күш операциясының барлық қатысушыларын пәтермен қамтамасыз ететінін айтты.

Оның айтуынша, осыдан кейін соғыс ардагерлері өз үйлеріне "өз жерлерін қорғаған ағайынмен бірге түскен фото" ілуге мүмкіндік алады.

- Ал олардың артында біздің барлық әскерилер тұр. Бұл бейбіт Донецк, Луганск, Қырымнан түсірілген сурет болады деп ойлаймын, - деп түйіндеді Зеленский.

"Адырна" ұлттық порталы

Пікірлер