Алматы базарлары 9 қаңтар күні өз жұмысын жалғастырады

1374
Adyrna.kz Telegram

Кәсіпкерлер палатасының Алматыдағы директоры тәртіпсіздіктер кезінде бизнес қаншалық зардап шеккенін және қандай нысандар алдағы жұмысын жалғастыра алатынын айтты, - деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап. 

"Атамекен" кәсіпкерлер палатасының Алматы бойынша директоры Айтуар Қошмамбетовтің сзінше, қалада митинг, жаппай тәртіпсіздік пн террористік акт кезінде, 8 қаңтардағы жағдай бойынша, 1027 нысанда орналасқан 856 кәсіпкердің бизнесі зардап шеккен. Қошмамбетов бұл тек "Атамекенге" хабарласқан кәсіпкерлер екенін айтады. Алдын ала есеп бойынша, жалпы 86 миллиард теңгеге залал келтірілген.

"Ең алдымен сауда орындары, сауда желілері, техника, бағалы заттар, киім сататын дүкендер, жалпы қолға салып алып кетуге болатын заттар, ұялы телефондар сататын дүкендер зардап шеккен. Қару-жарақ сатылатын дүкендер тоналған. Ірі сауда желілері және сауда орталықтары да бар. Сонымен қатар, 30 шақты қызмет көрсету, қоғамдық тамақтану орындары зардап шеккен. Мародерлер қандай мақсатпен бұл нысандарға шабуыл жасағаны белгісіз", - дейді Қошмамбетов.

"Атамекеннің" Алматы бойынша директорының сөзінше, қалада негізгі қауіп - азық-түліктің жетіспеуі болып отыр. Тұрғындар дүкендегі нанды көптеп сатып алып жатыр.

"Палатамен бірге әкімдік бірнеше сауда желісін ашуды шешті. Оларды әскерилер мен полиция күзетеді. Сонымен қатар, 10 сауда базары ертеңнен бастап қысқа режимде жұмыс істей бастайды. Қаладағы барлық ірі базар жұмыс істеуді бастауды ұсынды және бүгінде бұл мәселе талқыланып жатыр. Әрине, қалалық штаб пен комендатура әр базарды күзетуге полиция мен әскерилер бөле алмайды, сондықтан базарлардың ашылуы мәселесін базарлардың өзі шешеді. Қауіп төнген жағдайда олар кез келген уақытта жабыла алады", - дейді Айтуар Қошмамбетов.

Сондай-ақ Қошмамбетов "Атамекен" қаладағы наубайханалар мен дәріханалардың үздіксіз жұмыс істеп тұруына жағдай жасағанын атап өтті. Палата директорының сөзінше, үйлерге жақын оранласқан дүкендерде нан алуға мүмкіндік бар, ал 70-ке жуық дәріхана дәрімен қамтамасыз етіліп жатыр.

Айта кетейік, бұған дейін кәсіпкерлер палатасы тәртіпсіздіктер кезінде бизнесі зардап шеккен кәсіпкерлерге арналған жедел желі қосқанын хабарланған болатын: 1432 (тегін), 8 8000808010, WhatsApp: 8 778 870 1432.

Алматы: 8 7273 310 133
Алматы облысы: 8 7282 401999
Маңғыстау облысы: 8 7292 304040

“Адырна” ұлттық порталы

Пікірлер