Архившілер жалақыларын бүлік шығынын жабуға аудармақ

3141
Adyrna.kz Telegram

ҚР Орталық мемлекеттік архив қорының қызметкерлері бір күндік жалақыларын бүлік шығынын жабуға аудармақ. Бұл туралы мемлекеттік мекеменің директоры Сәбит Шілдебай мәлімдеді, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

«Мен ҚР ОМА директоры ретінде 7 қаңтар күні бір күндік жалақымызды жаппай тәртіпсіздіктер кезінде келген шығынды жабу үшін мемлекетке аудару жөнінде ұжымға үндеу тастадым. Аз жалақы алатын архившілер бір кісідей қолдау білдірді. Ал мен өзімнің бір айлық жалақымды түгелдей аудару жөнінде шешім қабылдадым. Біз бұл шешіміміз жөнінде 8 қаңтар күні Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Архив істері және құжаттаманы басқару комитеті басшылығына хабарладық»,– деді ол.

«Адырна» ұлттық порталы

Пікірлер