Ақтауда көлігінде Z белгісі бар азаматқа айыппұл салынды (ВИДЕО)

2761
Adyrna.kz Telegram

Ақтауда жол инспекторларының назарын терезесінде Z жапсырмасы бар жол талғамайтын Jeep Cherokee жүргізушісі аударды, - деп хабарлайды "Адырна" тілшісі Lada-ға сілтеме жасап.

Оқиға 19 наурызда болған. «Сұңқар-1» патрульдік полиция батальонының экипажы жүргізушіні тоқтатты. Оның үстінен әкімшілік кодекстің «Көлік құралдарын пайдалану ережелерін бұзу» және «Жол белгілерінде немесе жол ережелерінде белгіленген талаптарды сақтамау» баптары бойынша хаттама толтырылды.

Айыппұлдың жалпы сомасы 24 504 теңгені құрайды.

"Адырна" ұлттық порталы

Пікірлер