Шыңғыс хан қылышымен жетпеген жерге Бөрте Дулаттың қаламымен жетті

1981
Adyrna.kz Telegram
Белгілі ақын, ҚР Парламенті Мәжілісі депутаты Қазыбек Иса Жаңа жыл - Барыс жылының алғашқы күндері әлемге әйгілі жазушы-драматург Дулат Исабекті “Ақ жол” партиясының Алаш арыстары құрметіне арнап шығарған “Қазақ Республикасына 100 жыл” алтын медалымен марапаттады.
“Бөрте” драмасы үшін республикалық “Қазақ үні” ұлттық порталы-газетінің дәстүрлі “ЖЫЛ АДАМЫ” - “ЖЫЛ ДРАМАТУРГІ” номинациясын тапсырды.
-Дулат Исабек ағамыз “Бөрте” драмасы үшін республикалық “Қазақ үні” ұлттық порталы-газетінің дәстүрлі “ЖЫЛ АДАМЫ” - “ЖЫЛ ДРАМАТУРГІ” таңдауын басым дауыспен жеңіп алды,-деді Қазыбек Иса құттықтау сөзінде.
- Біз астанада “Бөрте” спекталіне билет алу үшін министрге дейін шығуға тура келіп, зорға таптық. Ал екі күн өткен премьераның екінші күні бір кәсіпкер жігіттердің “100 мың теңгеге болса да екі билет тауып беріңдерші” дегенін есіттік елден. Театрға кіру билетінің мұндай көп еселеніп көтерілгенін бірінші рет көрдік.
Возможно, это изображение (3 человека и люди стоят)
“Бөрте” - әлем назарын аударып отырған үздік драма. Басты ерекшелігі - әлемді билеген қаһарлы Шыңғыс ханға құнды кеңестер беріп, керек кезінде кемшілігін де бетіне айта алған жалғыз адам - төрткүл дүниені билеген төрт ұлының анасы - Бөртенің қайсарлығы мен данышпандығы, яғни Қазақ әйелінің үздік көркем шығарманың басты кейіпкеріне айналуы.
Возможно, это изображение (2 человека, люди стоят и в помещении)
Бұл драма қазір бірнеше ел сахнасына дайындалып жатыр. Кезінде жарты әлемді жаулаған Шыңғыс хан қылышымен жетпеген жерге Бөрте жетті Дулат Исабектің қаламымен!-деді ақын Қазыбек Иса.
Біртуар тұлға, ардақты ағамыз да інісі Қазыбек Исаны “Адырна” ұлтық порталы ұйымдастырған Фейсбуктің миллионға жуық жазылушысы бар 7 тобындағы жалпыхалықтық дауыс беруде ““ЖЫЛ АДАМЫ” - “ЖЫЛДЫҢ ҮЗДІК ДЕПУТАТЫ” атануымен арнайы құттықтап, құрметтеп шапан жапты!
-Қазыбек Иса парламентке өзгеріс әкелді. Ұлттық мүддені қорғап, саңқылдап шығып жатқан депутаттық сауалдары елдің мұңын жеткізуімен және шешен тілде өткір айтылуымен ерекшеленіп отыр. Жалпы, халық үнін жеткізіп, қайрат танытып отырған “Ақ жол” партиясына Ақ жол тілеймін”-деді Дулат Исабек
Дүлдүл қаламгер Дулат Исабектің биыл күзде толатын 80 жас мерейтойын атап өтуге көптеген елдер ықылас білдіруде.
Возможно, это изображение (4 человека, люди стоят и в помещении) Возможно, это изображение (2 человека, люди стоят и в помещении)
Азамат ТАСҚАРАҰЛЫ,
"Адырна" ұлттық порталы
Пікірлер