Ресей БҰҰ-ның Адам құқықтары жөніндегі кеңесінен өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтатады

2834
Adyrna.kz Telegram
Фото: inbusiness.kz
Фото: inbusiness.kz

Ресей БҰҰ-ның Адам құқықтары жөніндегі кеңесінен өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтатады, деп хабарлады осы елдің ұйым жанындағы тұрақты өкілінің орынбасары Геннадий Кузьмин Бас ассамблея отырысында, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

Кузьминнің айтуынша, өкілдік 7 сәуірден бастап, Кеңестегі өз жұмысын тоқтатады.

«Ресей тарапы БҰҰ Бас Ассамблеясы қабылдаған Ресейдің БҰҰ АҚК мүшелігін тоқтату туралы резолюциясын тәуелсіз ішкі және сыртқы саясатты ұстанатын БҰҰ-ға мүше егемен мемлекетті қайсарлықпен жазалау мақсатында жасалған заңсыз және саяси астарлы қадам деп санайды», - деді дипломат.

Ресейдің БҰҰ Адам құқықтары жөніндегі комитетіндегі мүшелігін тоқтату туралы қарарды 93 мемлекет қолдап, 24 мемлекет қарсы болып, 58 өкіл қалыс қалды. Құжатты Батыс елдерінің тобы дайындады, олардың арасында АҚШ пен Украина да бар.

Адырна” ұлттық порталы

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Галкин и Пугачева станцевали зажигательный танец на Кипре
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Танец выпускников взорвал интернет: Смотреть до конца!
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Этот танец невесты оставит вас без слов! Пересмотрела 10 раз!
Пікірлер