Зюганов: Орыс тілін осылай қорлауға неге жол беріп отырмыз?

3129
Adyrna.kz Telegram
Фото: Владимир Гердо / ТАСС
Фото: Владимир Гердо / ТАСС

Ресей Коммунистік партия фракциясының жетекшісі Зюганов Мемлекеттік Думада сөз сөйледі. Онда Ресейдегі соңғы жағдайлардан кейін ел экономикасының біршама төмендегенін айта кетті, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

«Единая Россияның» есіне салғым келеді, егер сіз сол кезде бізді тыңдағаныңызда, шетелдік банктерде 300 миллиард доллар бұғатталмаған болар еді. Ресейден 600 тонна алтын шығарылмас еді. Соңғы 8 жылда азаматтардың табысы 12 пайызға төмендеді. Ал халықтың 32 пайызының табысы ең төменгі күнкөріс деңгейіне де жетпейді. Мұндай жағдайда өмір сүру мүмкін емес. Елдің жойылуын қалай тоқтатуға болады?», - деді Зюганов.

Сонымен қатар, ол мұнай-газ саласында да құрал-жабдықтардың тозуы 60 пайызға жеткенін айта өтті. Айтуынша, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласы негізгі капиталдың 30 пайызын құрайды. Ал инженерлік желілерде соңғы 20 жылда апат көрсеткіші 5-6 есеге өскен.

«Инженерлік мамандықтың беделі түсті. Инженерсіз машина мен құрал-жабдық жоқ. Мұғалім және дәрігер мамандығының да беделін жоқ. Құдайға шүкір, әскери мамандықтың беделі аз да болса қалпына келтірілді», - деді ол Мемлекеттік Думада.

Зюганов бұдан бөлек, орыс тілінің қолдану аясы түсіп бара жатқанын мәлімдеді.

«Не бізде барлық құндылықтарымен орыс әлемі болады, немесе олар бізге Американы танытады. Мәскеуді аралап қарасаңыз, жартысы ағылшын тілінде сөйлейді. Орыс тілін мұндай қорлауға неге жол береді?», - деп мәлімдеді.

«Адырна» ұлттық порталы

Пікірлер