Ақшолақов "мәскеуліктердің" министрі ме?

2978
Adyrna.kz Telegram
Фото: azh.kz
Фото: azh.kz

КСРО Бас хатшысы Андроповтың көмекшісі Вольский өзінің естеліктерінде мына бір эпизодты жеткізеді: кезіндегі Министрлер Кеңесі төрағасының орынбасары Игнатий Трофимович Новиков «Атоммаш» зауытындағы құрылыс жұмыстарына тікелей жауапты болыпты. Бір кезеңде кенеттен зауыт бата бастапты. Цимлянск су қоймасының маңындағы құрылыстың іргетасын қалаған кезде құрылысшылар бір нәрсені ескермеген болса керек. Содан крандар қозғала алмайды. Бұл былай қарағанда мемлекеттік маңызы бар мәселе.

Сонымен бұл мәселені саяси бюроға жеткізеді. Новиков сол жерде сөз сөйлейді: «Осы аптада мен бос емеспін, келесі аптада Волгодонскіге ұшамын, бәрін реттейміз».
Андропов бір ауыз тіл қатпайды. Ал Министрлер Кеңесінің төрағасы Тихонов Новиковты қолдап:

«Дұрыс, Игнатий Трофимович ұшсын, сол жерде қарастырамыз», – дейді.

Горбачев пен Шеварднадзе де басын изейді: «Біз де барып, жай-жағдайды көруіміз керек!».

Андропов барлығын тыңдап алып, әдетінше көзілдірігін шешіп:

«Менің пікірім, Новиков жолдасты жұмыстан босатып, партиядан шығару керек», — дейді.

Сол кезде бәрі үнсіз қалады. Тихонов бірінші болып Андроповтың сөзіне ілесіп: «Шынымен де, масқара! Жұмыстан кетіңіз» - дейді. Қалғандары да бірауыздан Новиковқа «жол сілтейді».

Осы тұста кеше ғана Каспий құбыры консорциумының жұмысын тоқтатуға байланысты пікір білдірген ҚР Энергетика министрі Болат Ақшолақовтың әрекеті әлгі Новиковтің сөзімен дәлме-дәл келуі сәйкестік пе деп қаласың.

Министрдің аталған мәселені шешу үшін Мәскеуге барып ақылдасып қайтамын дегені қазір көпшіліктің ашуына тиіп жатыр. Сонда министр бұл мәселені шеше алмаса несіне отыр? Әлгі Андропов сияқты оған да біреу дер кезінде жол сілтеу керек боп тұр-ау!

https://t.me/adyrnaportal телеграм арнамызға жазылыңыздар!

 

Пікірлер