Путин СССР-ді нацистік Германияға теңестіргендерді жазалайтын заңға қол қойды

5815
Adyrna.kz Telegram
Фото: holopis.com
Фото: holopis.com

Ресей президенті Владимир Путин СССР-ді нацистік Германияға жария түрде теңестіргендерді әкімшілік кодекспен жазалайтын заңға қол қойды. Аталған заң " совет халқының нацистік Германияны талқандап, Еуропаны азат етуге үлес қосқанын" терістегендерді де жауапқа тартуы мүмкін. Бұл туралы "Азаттық радиосы" хабарлады, деп жазады "Адырна" ұлттық порталы. 

Әкімшілік кодекске енетін жаңа бап бойынша, мұндай күдікке ілінген жеке тұлғаларға 2 мың рубльге дейін айыппұл салынуы немесе 15 күн қамауға жіберілуі мүмкін. Ал заңды тұлғалар 50 мың рубльге дейін айыппұл төлейді.

Мемлекеттік дума 6 сәуірде қабылдаған заң жобасында СССР басшылығы мен қолбасшыларының әрекетін нацистік Германия басшылығының әрекетіне ұқсату теңестірумен пара-пар екені жазылған.

"Адырна" ұлттық порталы 

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
У кого болят колени и суставы - читайте пока не удалили!
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Приматывал это к коленями 3 ночи подряд и суставы не болят уже…
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Вот, что излечит ваши запястья даже в 75 лет! Нужно взять...
Пікірлер