Енді бір адамның бірнеше банктен несие алуына болмайды

4526
Adyrna.kz Telegram

Енді бір адамның бірнеше банктен несие алуына болмайды, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы. 

Бүгін Мәжілістің жалпы отырысында «Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне сақтандыру нарығын және бағалы қағаздар нарығын реттеу мен дамыту мәселелері бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы» заң жобасы мақұлданды.

«Бүгінде несие алу саласында көптеген алаяқтық жағдайлары көп кездеседі. Әрбір қаржылық ұйым немесе екінші деңгейдегі банктер берілген несиелер туралы кредиттік бюроға жолдайды, онда берілген несиелердің базасы 15 күннің ішінде қалыптасады. Біздің түзетулерге сәйкес, несие беру ақпараттары бір күннің ішінде тіркеледі. Енді, бір-екі күннің ішінде 5-6 банкте бір мезгілде несие алуға тырысқан адамдарда мұндай мүмкіндік болмайды.

Екінші банк қайтадан несие алуға келген адамның мүмкіндігін қарап, оның табысы несиені өтеуге жетпейтінін көріп, оның өтінішін мақұлдамайды. Сонымен қатар, бұл қадамдар интернет-алаяқтыққа да тосқауыл қояды», – деді Дания Еспаева.

”Адырна” ұлттық порталы

Пікірлер