Coca-Cola Ресейден кетеді - БАҚ

1970
Adyrna.kz Telegram
Фото: Pexels
Фото: Pexels

Coca-Cola Hellenic Bottling Company (HBC) Ресейде Coca-Cola Company брендтерімен сусындарды өндіруді және сатуды тоқтатады. Бұл туралы REUTERS өндірушінің ресми мәлімдемесіне сілтеме жасап жариялады, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

Қазіргі уақытта компания қоймалардағы сусындардың қорын сатуда.

«Қорлар таусылғаннан кейін, Coca-Cola HBC Ресейде Coca-Cola немесе The Coca-Cola компаниясының басқа брендтерін бұдан былай өндірмейді және сатпайды», - делінген хабарламада.

Агенттіктің ақпаратына сәйкес, мамыр айындағы мәлімдемесінде компания 8 наурыздың өзінде концентратқа тапсырыс беру тоқтатылғанын хабарлады. Өндіруші жергілікті ресейлік брендтерге назар аударатынын айтты.

”Адырна” ұлттық порталы

Пікірлер