Оралда үшем дүниеге келді

1771
Adyrna.kz Telegram

Орал қаласындағы облыстық перинаталдық орталықта үшем дүниеге келді. Бұл туралы inform.kz хабарлады, деп жазады "Адырна" ұлттық порталы. 

Ақмарал Жұмазова 30 маусым күні үш қыз тапты. Көпбалалы отбасы Батыс Қазақстан облысы, Жәнібек ауданы, Жәнібек ауылында тұрады. Үшемнің әкесі Елдос Базарбайұлының айтуынша, олардың бұдан бұрын бір ұл, бір қызы бар екен. Енді, міне, Ақмарал екеуі бес баланың ата-анасы атанды.  Қазіргі кезде Ақмарал мен қыздары дәрігерлердің бақылауында. Әмина, Рәмина, Мәдина атанған сәбилердің салмағы 2600, 2400 және 1900 грамм.

«Өмірге сәби әкелу оңай емес. Әйтеуір бәрі ойдағыдай болғанына қуаныштымыз. Енді балаларымыз аман-есен өсіп кетсе, біз үшін сол бақыт», дейді Елдос Базарбайұлы.

Үшемнің әкесі Елдос Базарбайұлы аудандық мектептен тыс жұмыстар орталығында ұстаздық етумен бірге қолөнермен де айналысады. Астау, бесік, домбыра жасаудың хас шебері.  Үшемнің анасы Ақмарал Талғатқызы 1-мектеп-лицейде физика пәнінен дәріс береді.

"Адырна" ұлттық порталы 

 

Пікірлер