«Берегини» хакерлері Қазақстаннан иордониялық компанияның оқ-дәрілерді сатып алуы туралы құжаттарға қол жеткізді

2960
Adyrna.kz Telegram
Фото: depositphotos/REDPIXEL/
Фото: depositphotos/REDPIXEL/

«Берегини» хакерлері қазақстандық «Техноэкспорт» компаниясынан иорданиялық компанияның оқ-дәрілерді сатып алуы туралы келісім-шарт жобасы бар құжаттарға қол жеткізді, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

“Украиндық қару сатушы туралы «Соғыс мырзасы» фильмі есіңізде ме? Бүгін біз мұның бәрі ойдан емес, шындық екенін көрсетеміз.

Біз қазақстандық «Техноэкспорт» компаниясынан иорданиялық компанияның оқ-дәрілерді сатып алуы туралы келісім-шарт жобасы бар құжаттарға қол жеткіздік: 122 мм снарядтар. (D-20 гаубицалары үшін); снарядтар 152 мм (D-30 гаубицалары үшін); БМ-21 Градқа арналған зымырандар. Жалпы саны 20 мың снаряд, 33 мың зымыран”,- деді “Берегини” хакерлері.

Олардың айтуынша, құжаттарда қарудың Ұлыбритания қорғаныс министрлігіне арналғаны айтылған. Мәміле $69 520 000 тұрады екен. Оны Қазақстанның Сыртқы істер министрлігі Қазақстандағы британдық әскери атташемен бірлесіп бақылайды, ол құжаттар мен куәліктерді соңғы пайдаланушыға дипломатиялық пошта арқылы беруді қамтамасыз етеді.


“Сондай-ақ, бізде Қазақстаннан 200 БТР-4 (БТР-82А немесе жеңілдетілген модификациялар) бірлігін және 120 мм миномет пен «Конкурс» танкіге қарсы жүйелеріне арналған оқ-дәрілерді жеткізу бойынша келіссөздер жүргізіліп жатқаны туралы құжаттар бар.

Шын мәнінде, Ұлыбританияның қорғаныс министрлігіне кеңестік өндірістегі қару-жарақ пен әскери техника қажет емес.Өйткені, оларда қару-жарақ стандарттары мүлдем басқа.

Ең қызығы, Иордания мен Қазақстан арасындағы Ұлыбритания қадағалайтын мәміле туралы құжаттар Украина Қорғаныс министрлігінің Бас барлау басқармасының компьютерлерінде қалай пайда болды? Мүмкін бұл сұрақтарға Пан генерал Буданов жауап бере алар ма екен?”,- деді олар.

Сондай-ақ, қару-жарақты сатып алушы тарапынан комиссия төленуі керек екенін атап өтті. Сондықтан Қазақстандық фирма иорданиялық фирма арқылы өз үлесін кепілге алған кейбір адамдарға шамамен 70 миллион доллардың белгілі бір пайызын аударуы керек екен.

Хакерлер таратқан ақпараттан жемқорлықтың ауылы алыс емес екенін көруге болады. Өйткені, бүгін Президент Қасым-Жомарт Тоқаев сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы Олжас Бектеновпен кездесіп, бірқатар тапсырма берді.

Ақорданың баспасөз қызметінің мәліметінше, Қазақстанда жеті айдың ішінде сыбайлас жемқорлыққа қатысты 1,4 мың іс бойынша 900-ден астам адам айыпталған. Әлі ұсталмағандары қаншама?! 

«Олжас Бектановтың хабарлауынша, кездесуде көліктік бақылау, ӘКК, мемлекеттік қорғаныс тапсырысы комитеті салаларында сыртқы талдау болған. Сондай-ақ, сыбайлас жемқорлы мемлекеттік қорғаныс тапсырысын қалыптастырудың өндіріс көлемін жоспарлаудан бастап,  шарттық міндеттемелерді орындауға дейінгі барлық кезеңдерінде анықталады»,- деп хабарлады Ақордада.

Мемлекет басшысы сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің жұмысын күшейту жөнінде бірқатар міндеттер қойды. Президенттің тапсырмаларын орындау үшін агенттік "Антикор" бөлімшелерінің жұмысын бағалау тәсілдерін түбегейлі қайта қарамақ.

”Адырна” ұлттық порталы 

Пікірлер