ҚР СІМ Путиннің Астанаға ресми сапармен келетінін растады

7222
Adyrna.kz Telegram

Қазақстан Сыртқы істер министрлігі Ресей президенті Владимир Путиннің Астанаға ресми сапармен келетінін растады, деп жазады "Адырна" ұлттық порталы inbusiness.kz-ке сілтеме жасап. 

"Иә, іс-сапар расталды, мен айтқан барлық іс-шараларға Путин қатысады: АӨСШК, ТМД, "Орталық Азия-Ресей", - деді Смадияров дүйсенбіде өткен брифингте  Ресей президенті Владимир Путин Астанадағы алдағы халықаралық іс-шараларға қатыса ма деген сұраққа жауап бере отырып.

Бұған дейін 13 қазанда Астанада Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңестің (АӨСШК) VI саммиті өтетіні хабарланған болатын. Форум аясында Қазақстан Президенті мемлекеттер мен үкіметтердің басшыларымен, сондай-ақ халықаралық ұйымдардың басшыларымен бірқатар екіжақты кездесулер өткізеді.

14 қазанда Қазақстан Президенті Республиканың төрағалығымен өтетін Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы (ТМД) мемлекеттері басшылары кеңесінің отырысына қатысады. Сол күні "Орталық Азия - Ресей" саммиті өтеді.

"Адырна" ұлттық порталы 

 

Пікірлер