Ғазиза Жұбанова атындағы мемлекеттік ішекті аспаптар квартетінің концерті өтеді.

2735
Adyrna.kz Telegram

2023 жылдың 21 қаңтарында, сағат 18:00-де Жамбыл атындағы Қазақ мемлекеттік филармониясының Үлкен залында «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығының иегері, танымал қазақстандық ұжым – Ғазиза Жұбанова атындағы мемлекеттік ішекті аспаптар квартетінің «НАЕДИНЕ СО СЦЕНОЙ» концерті өтеді.

Бағдарламада:
Й. Гайдн. op.74 № 1 квартеті
Ф. Мендельсон op. 12 № 1 квартеті
Н. Тілендиев. Арман Жайым өңдеуінде «Аққу»
Квартеттің құрамы: Ернар Мыңтаев (виолончель), Айдар Тоқталиев (бірінші скрипка), Алексей Лебедев (екінші скрипка), Бекзат Сайлаубайұлы (альт). Көркемдік жетекші – Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Ернар Мыңтаев.

"Адырна" ұлттық порталы

Пікірлер