"Партияның ресми тіркелуін күтіп отырмыз" - Respublika партиясының төрағасы

3201
Adyrna.kz Telegram

Respublika партиясы жақын арада ресми түрде тіркелуі мүмкін. Бұл туралы партия төрағасы Айдарбек Қожаназаров өзінің фейсбук парақшасында хабарлады, деп жазады "Адырна" ұлттық порталы. 

"Кеше, 2023 жылдың 11 қаңтарында ҚР-ның Әділет министрлігіне партияны тіркеу үшін құжаттардың соңғы пакетін тапсырғанымызды ресми түрде хабарлаймын. Дайындық барысында біздің жақтастарымыздың бес мың қолы жиналды, еліміздің түкпір-түкпірінен мыңнан астам делегат жиналған құрылтай съезі өтті. Партия бағдарламасы мен жарғы таныстырылып,  еліміздің қандай жолмен жүруі керектігі айтылды. Партия бағдарламасы әлеуметтік, экономикалық және басқа да өзекті мәселелерді шешуде жүйелі көзқарас қағидаттарына негізделіп, Қазақстанның өзіндік ерекшелігін, мәдениеті мен тілін барынша сақтай отырып, ел мен бизнесті цифрландыру қажеттілігін түсінуге бағытталады. Партия жарғысы өз мүшелеріне ресми талаптар қойып қана қоймай, сонымен қатар біздің қатарымыздың тазалығын қамтамасыз етуде белгілі бір моральдық-этикалық нормалардың сақталуын белгілейді.  Біздің жақтастарымыз "Әлемді жақсы жаққа өзгерткің келсе, өзіңнен баста" деген қарапайым шындықты есте сақтай отырып, партияның жоғары талаптарын ақтайтынына сенімдімін. Енді барлық дайындық кезеңдерінен өткеннен кейін біз партияның түпкілікті тіркелуін күтіп отырмыз. Бұл бізге ресми түрде жұмысқа кірісуге мүмкіндік береді. Біз әр өңірге келіп, әрбір азаматтың сөзін тыңдауға, елдің барлық іргелі мәселелеріне терең үңілуге ​​тырысамыз. Дұрыс шешімдерді бірге табатынымызға сенімдімін. Алға Қазақстан! Алға Respublika!", - деп жазды Айдарбек Қожаназаров. 

"Адырна" ұлттық порталы 

 

 

 

Пікірлер