Назарбаевтың отбасы мүшелеріне тиесілі жерлер қайтарыла ма?

2238
Adyrna.kz Telegram
Фото: Sputnik, Kremlin Pool Photo via AP/Alexei NIKOLSKY
Фото: Sputnik, Kremlin Pool Photo via AP/Alexei NIKOLSKY

Назарбаевтың жақындарына тиесілі жерлер заңбұзушылық анықталған жағдайда мемлекетке қайтарыла ма? Бұл сұраққа ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеев жауап берді, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

Айта кетейік, өткен аптада парламент "Тұңғыш президент – Елбасы туралы" Конституциялық заңның күшін жою туралы" Конституциялық заңды қабылдады. Оған сәйкес, Назарбаевтың отбасы мүшелері барлық кепілдіктен айырылады.

Үкімет кулуарында журналистер Қарашөкеевтен “заң күшіне енгеннен кейін Назарбаевтың отбасы мүшелеріне тиесілі жерлер егер заңбұзушылық анықталса, мемлекетке қайтарыла ма?”, деп сұрады.

"Қандай фамилия болмасын, кім болмасын, бізге ол әсер етпейді. Біз барлық жерді тексереміз. Жерді тиімсіз пайдалану фактілері, жерді заңбұзушылықпен беру фактілері анықталса, әрине, міндетті түрде ол жерді тексеріп, елге қайтарамыз", - деді Қарашөкеев.

Еске салайық, ауыл шаруашылығы министрлігі былтыр 5 млн гектар жерді мемлекетке қайтарды.

Пікірлер