Атырауда діни мерекені мектепте тойлап, от жаққандар опық жеді

2252
Adyrna.kz Telegram

Әлеуметтік желіде "Масленица" діни мерекесін мектеп ауласында тойлағандарды бейнелейтін видео жарияланды. Атыраудағы №8 қалалық мектептің оқушылары мен мұғалімдері "Масленица" мерекесін атап өту үшін білім ордасы ауласында от жағып, думандатқан, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы. 

Ақ Жайық басылымының айтуынша, діни мерекеге соқтыққандар жоқ. Әлеуметтік желі қолданушыларын мұндай іс-шараның мектеп ауласында өткізілуші шамдандырған.

Атырау облысы әкімінің орынбасары Жасұлан Бисембиев Instagram-дағы тікелей эфир кезінде осы жайтқа қатысты түсініктеме берді. Оның айтуынша, мұндай іс-шараны мектепте өткізуге болмайды.

"Діни сипаты бар іс-шара мектептің базасында өткен. Бірақ қауіпсіздікті сақтау үшін төтенше жағдайлар органдарымен келісілмеген. Атырау қалалық білім бөліміне де хабарланбаған. Мектептің директоры ата-аналар ұсынысын қолдап, білім ордасының ауласында алау жағуға рұқсат берген. Осыған байланысты мектептің директорына қатаң сөгіс берілді", - деді Жасұлан Бисембиев.

Әкім де мәселенің мәнін діни мерекеден емес, ұйымдастырушылардың қызметінен іздеп, білім ордасының ауласында алау тұтатуға болмайтынын айтады.

"Адырна" ұлттық порталы

Пікірлер