Қазақ елі депортациялаған Ресей майоры Михаил Жилин 6.5 жылға сотталды

2226
Adyrna.kz Telegram

Мобилизация жарияланғанда Қазақ еліне қашқан Ресей Федерациялық күзет қызметінің (ФСО) майоры Михаил Жилин "әскери қызметтен қашты", "шекараны заңсыз кесіп өтті" деген айыппен 6,5 жылға сотталды. Үкімді Барнауыл гарнизонының әскери соты шығарды. Ол жазасын аса қатаң режимде өтеп, бүкіл атағынан айырылатын болады, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.  

“Әскери қызметші арнайы әскери операция аймағына барудан қорықты. Әскери борышын өтегісі келмей, жылжымайтын мүлкін сатып, басшылыққа жалған мәлімдеме жасады. Ол кейін мүгедек болып, бақылау-өткізу пунктін заңсыз айналып өтті", –  делінген хабарламада.

Михаил Жилин Ресей Федерациясы Қылмыстық кодексінің 338-бабы, 1-бөлігі бойынша айыпты есебінде танылды. Атап айтқанда, "Дезертирлеу”, 322-бабының 1-бөлігі - "Ресей Федерациясының мемлекеттік шекарасын заңсыз кесіп өту" баптары бойынша кінәлі деп танылды. Ол қатаң режимдегі колонияда 6 жыл 6 айға бас бостандығынан айырылды.

Соттың баспасөз қызметі үкім заңды күшіне енген жоқ деп мәлімдеген.

"Азаттықтың" жазуынша, 36 жастағы Жилин бұған дейін Ресейдің Федерациялық күзет қызметінің Сібір федерациялық округінде жұмыс істеп, президент Владимир Путиннің аймақпен байланысына жауап берген.

21 қыркүйекте Путин Ресейде мобилизация жариялаған кезде Жилин отбасын алып Ресейден қашқан. Оған Ресейден кетуге шектеу болғандықтан, Қазақстан шекарасын бұзып өткен. 26 қыркүйекте майорды Абай облысы шекарашылары ұстады. 6 желтоқсанда Жилин Арменияға ұша алмады. Ресей Михаил Жилинге халықаралық іздеу жариялап, Қазақстан аймағында ұсталды. Ал желтоқсанның аяғында Қазақ елінен Ресейге экстрадициялады.

"Адырна" ұлттық порталы

Пікірлер