Жанар-жағармайдың жасанды тапшылығын болдырмау үшін тексеру жүргізіледі

1938
Adyrna.kz Telegram

Премьер-министрдің бірінші орынбасары Роман Склярдың төрағалығымен жанар-жағармай нарығындағы ахуалға қатысты кеңес өтті, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

Жиында өңірлік штабтарға жанар-жағармайдың жасанды тапшылығын болдырмау үшін мұнай базаларына тексеру жұмыстары жүргізілетіні айтылды.

Министрліктің мәліметінше, ел бойынша дизель отынының жиынтық қоры 308,56 мың тоннаны құрайды. Бұл өткен жылғы қормен салыстырғанда 59 мың тоннаға артық.

«Бұдан бөлек, кейбір өңірде жекелеген жанармай құю станцияларында дизель отынын сатуда шектеулер байқалады. Осыған байланысты ішкі нарықта жасанды тапшылықты болдырмау мақсатында өңірлік штабтарға мұнай базаларына комиссиялық тексеру жүргізу тапсырылды»,—деп түсіндірді ведомствоның баспасөз қызметі.

Сондай-ақ Энергетика министрлігі заңбұзушылық фактілері болған жағдайда тиісті мемлекеттік органдарға нарық субъектілерінің бәсекелестікке қарсы немесе доминантты әрекеттері бойынша тергеу жүргізілетінін атап өтті.

Пікірлер