Астанада "қарулы жиһадқа" қатысуға үндеген шетелдік азамат сотталды

2398
Adyrna.kz Telegram

Астана қаласы, Сарыарқа аудандық соты Тәжікстанның 26 ​​жастағы азаматына қатысты үкім шығарды. Ол өз бетінше діндарларды «қарулы жиһадқа» қатысуға шақырған, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы  Қазақстанның Терроризмге қарсы күрес орталығының баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Шетелдік М. есімді азамат  халықаралық лаңкестік ұйымдардың идеологиясын насихаттағаны үшін сотталды. Ол астаналық діндарларды «қарулы жиһадқа» қатысуға үндеген.

"Қарулы жиһад" идеясына шырмалған азамат өз әрекетінің заңға қайшы екенін түсіне тұра лаңкестерге қаражат жолдап отырған.

Сарарқа аудандық сотының үкімімен шетел азаматы Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 256 және 258-баптары «терроризмді насихаттау», «терроризм қызметін қаржыландыру» бойынша кінәлі деп танылып, 5 жыл 6 айға бас бостандығынан айырылды.

"Адырна" ұлттық порталы 

Пікірлер