НАТО Азия елдерін өз қатарына қабылдамайды - Столтенберг

1849
Adyrna.kz Telegram
Фото: depositphotos/maxxyustas
Фото: depositphotos/maxxyustas

НАТО алда Еуропа мен Солтүстік Америка елдерінің бірлестігі болып қала бермек. Бұл туралы альянстың бас хатшысы Йенс Столтенберг The Washington Post газетіне берген сұхбатында айтты, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

"НАТО Солтүстік Америка мен Еуропаның альянсы болып қала береді. Ұйым Азия елдерін қатарына қабылдап, жаһандық ұжымға айналмайды. Әрі біздің ұжымдық қауіпсіздік кепілдігіміз тек НАТО құрамындағы мемлекеттер аумағына ғана қатысты", — деп түсіндірген ол.

Сонымен қатар, Йенс Столтенберг Украинаның НАТО құрамына қашан қосылатынына да пікір білдірген. Сөзінше, нақты мерзім белгіленбеген, бірақ ұйымдағы барлық елдер альянсқа қабылдауды қолдап отырған көрінеді.

Пікірлер