Әуежайға асыққан. Адвокаттар Төреғалидің ісіне түсініктеме берді

3667
Adyrna.kz Telegram

Әнші Төреғали Төреәліні қорғаушы адвокаттар оның кешегі әрекетіне баруының себебін түсіндірді. Айтуынша, әнші әуежайға асығып, қатты жылдамдықпен бара жатқан тұсында полицейлер тоқтатқан екен, дем хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

Жалпы полиция тарапы оны тоқтатуға жылдамдықты асырғаны себеп болды деп отыр. Төреғали ұшаққа үлгермей жатқанын, әрі қаншама адамның күтіп қалғанын айтып түсіндірген. Алайда олар сөзге келмей, көліктен түсуін талап етіп, күш көрсеткен. Тіпті басы жерге қатты тиіп, бірнеше дене жарақатын алған. Оның жағдайы өте нашар болды. Полиция ғимаратында ешқандай көмек көрсетілмеген,- деді адвокаттар.

Сондай-ақ, қорғаушының айтуынша, Төреғали Төреәлі Қызылордаға қызын апара жатқан. Оқиға кезінде әншінің қасында әйелі болған.

Еске салайық, кеше Алматыда полицейлер Төреғали Төреәліні жол бойында ұстап алған болатын. Ақпаратқа сүйенсек ол есірткі тұтынып, мас күйінде көлік басқарған көрінеді

Пікірлер