Назарбаев туған күн. Биыл Астана күні қалай тойланады?

2193
Adyrna.kz Telegram

Еліміздің маңызды әрі бас қаласы Астананың биыл 25 жылдық мерейтойы тойланғалы жатыр. Мерекені бас қала қалай тойламақ? “Адырна” порталы назарларыңызға бейбітшілік қаласы  саналған Астанада өтетін мерекелік шараларды ұсынады.

6 шілде - Қазақстанда Астана күні мерекесі. Бұл даталы күн кезінде Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың 1998 жылдың 6 мамырындағы жарлығымен, яғни, Ақмола қаласының атауы ресми Астана болып өзгертілуіне байланысты 10 маусымда тойланған. Алайда 2008 жылдан Нұрсұлтан Назарбаевтың туған күніне – шілденің 6-сынан бастап Астана күні ауыстырылып, Қазақстанда мемлекеттік мереке болып жарияланды. Осылайша 2009 жылдан бастап шілденің 6-сы барша қазақстандықтар қос мерекені тойлатып, 1 күн демалады.
Атаулы мерекеге орай:

1 шілде - Амфитеатрда «Аялаған Астана» музыкалық байқаудың гала-концерті;

2 шілде -  ЭКСПО алаңында көпшілікке «Домбыра дастан» шоу-концерті;

3 шілде - Бейбітшілік және келісім сарайында «Алтын мұра» атты Қазақстанның ең үздік дәстүрлі әнші, күйші, жыршыларының басын қосқан мерекелік концерт;  

4 шілде - «Астана» концерт залында көрермен сүйіп көретін «Әзіл әлемі» музыкалық әзіл-ысқақ кеші; 

5 шілде - Амфитеатрда «Елорда әуені» шоу-концерті өтеді. Мерекелік іс-шарада жастардың көзайымына айналған «NE PROSTO ORCHESTRA», Ratovich, Бағжан Октябрь сынды бірқатар әртістер өнер көрсетпек.

5-6 шілде күндері  ЭКСПО алаңында балалар мен ересектерге арналған «Гүл Астана» ЭКО фестивалі;

6 шілде - ЭКСПО алаңында OPEN AIR, яғни ашық аспан астындағы мерекелік концерт ұйымдастырып жатыр. Шарада отандық бірқатар эстрада жұлдыздары өнер көрсетеді деп жоспарлануда.

7 шілде күні таңғы 11:00-де кітап сүйер оқырманға арналған ЭКСПО алаңында “Kitap fest ASTANA” кітап думаны;

8 және 9 шілде күндері Астаналық саябақтардың бірінде “Jubilee Food Truck” атты көше тағамдарының фестивалі өткелі жатыр.

Еске салатын жай, 6 шілде — бұрынғы президент Нұрсұлтан Назарбаевтың туған күні. Қарт саясаткер биыл 83-ке толады.

 

Пікірлер