Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетіне жаңа басшы сайланды

1497
Adyrna.kz Telegram

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетіне жаңа басшы сайланды, деп жазады "Адырна". 

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің бұйрығымен Нұрлан Ысқақов Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің төрағасы болып тағайындалды.

Бұған дейін ол өткен жылдың тамыз айынан бастап Салидат Қайырбеков атындағы Денсаулық сақтауды дамыту ұлттық ғылыми орталығын басқарды. Медицина саласында 1998 жылдан бері қызмет етіп келеді.

"Адырна" ұлттық порталы

Пікірлер