Алматыда жас қызды таныспай қойғаны үшін ұрып-соққан жігіт іздестірілуде

1483
Adyrna.kz Telegram

Алматылық бойжеткен жас жігітпен танысудан бас тартқаны үшін соққыға жығылды. Ал тәртіп сақшылары болса, жас қыздың өзіне кінә артып, қорғаудың орнына, сынның астына алған. Бойжеткеннің беймезгіл уақытта сыртта қыдырып жүргенін әбден сөккен, деп жазады "Адырна" порталы 360news.kz-ке сілтеп. 

Белгілі болғандай, оқиға шілденің соңында болған.

«Құрбым екеуміз өзеннің жағасында отырдық. Қолдарында сырасы бар екі ер адам келіп, бізбен танысқысы келді. Біз екі рет сыпайы түрде бас тарттық. Кейін олардың бірі балағаттап, неге таныспайтынымызды сұрады. Кейін ол кенеттен жұдырығымен жағымнан ұрды. Есімнен айырылдым, кейін 102, 103 шақыртыпты», - деді бойжеткен.

Сорақысы полицейлер жәбірленушінің «түнде серуендеп жүргеніне өзі кінәлі» деп арызын қабылдамаған.

«Мен прокуратураға екі рет хат жаздым. Істі тергеушіге беріңдер, олар әкімшілік емес, қылмыстық іс қозғасын дедім. Біздің заңдарымыз осындай. 17 күн өтті, кінәліні таппады. Тіпті жақ сүйегім сынбаса да, психикам бұзылды. Олар істі операға немесе тергеушіге бере алмайды. Ешқандай камера жоқ, сондықтан оны таба алмайды», - деп қосты ол.

Алматы қалалық полиция департаменті қазір күдіктілерді анықтап, ұстауға бағытталған жедел іс-шаралар жүргізіліп жатқанын хабарлады. Жәбірленушінің алған дене жарақатының ауырлығын анықтау мақсатында сот-медициналық сараптама тағайындалды.

Пікірлер