Алыстан арбаламаған ауыс-түйіс. Кезінде Президенттің көмекшісі болған Баспаев енді "кеңесшісіне" айналды

1765
Adyrna.kz Telegram

Мемлекет басшысының өкімімен Ернар Жеңісұлы Баспаев Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі лауазымына тағайындалды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы "Ақордаға" сілтеме көрсете отырып. 

Ернар Баспаев 1979 жылы Гурьев (қазіргі Атырау) қаласында дүниеге келген. Алматы Қазақ мемлекеттік заң академиясының түлегі.

Әр жылдары Әділет министрлігі жанындағы Зияткерлік меншік құқығы комитетінде жұмыс істеген. Атырау облысы бойынша Әділет департаментінің басшысы, Атырау облысы әкімі аппаратының басшысы, Президент әкімшілігінің мемлекеттік инспекторы, Президент әкімшілігінің Өтініштерді қарауды бақылау бөлімінің меңгерушісі сынды қызметтер атқарған.

Еске сала кетейік, Баспаев 2022 жылғы жарлық бойынша Президенттің көмекшісі қызметіне тағайындалған еді.

 

"Адырна" ұлттық порталы

 

Пікірлер