Қара тізім. Ресей бірқатар өз азаматын "шетел агенті" деп қаралады

1860
Adyrna.kz Telegram

Ресейдің әділет министрлігі бірқатар шығармашыл тұлғаларды, саясаткерлер мен экономистерді, Нобель сыйлығының лауреатын, тіпті, елдегі аз этникалық ұлт өкілдерін "шетел агенті" деп күстаналады. Тізім қатары тағы толықты, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Бұл жолғы "нақақтан-нақақ қара тізімге" ілінгендер төмендегідей:

Әділет министрлігі Нобель сыйлығының лауреаты және"Жаңа газет" жетекшісі Дмитрий Мұратов пен "Дождь"  журналисі Денис Катаевты "иноагенттер" деп қаралады.

Сондай-ақ тізімде:

сқақшы Руслан Белый;
жазушы Олег Радзинский;
журналист Ксения Ларина (Оксана Баршева);
Санкт-Петербург саясаткері Максим Ресник;
экономист Константин Сонин;
Воронеждегі Навальный штабының бұрынғы басшысы Евгений Карпов;
шешен тарихшысы және Аслан Масхадовтың бұрынғы баспасөз хатшысы Майрбек Вачагаев;
"Жаңа Тыва" соғысқа қарсы қозғалысы өкілдері бар.

Әділет министрлігінің айтуынша, "тізімнің төріне шыққан" Нобель сыйлығының лауреаты және Дмитрий Мұратов   "шетелдік агенттердің материалдарын" құруға жәрдемдескен және таратуға қатысқан.

Сондай-ақ Ресейдің сыртқы және ішкі саясатын "теріс қалыптастыруға бағытталған" пікірлерді кеңінен насихаттау жолында "шетелдік алаңдарды" қолданған.

"Адырна" ұлттық порталы

 

Пікірлер