Аида Балаева Мәдениет және ақпарат министрі болып тағайындалды

1610
Adyrna.kz Telegram

Мемлекет басшысының Жарлығымен Балаева Аида Ғалымқызы Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрі болып тағайындалды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы. 

"Мемлекет басшысының Жарлығымен Аида Ғалымқызы Балаева Қазақстан Республикасының мәдениет және ақпарат министрі лауазымына тағайындалды", - деп хабарлады "Ақорда" баспасөз қызметі.

Айта кетейік, Аида Балаева Қазақстан Республикасы президенті жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссиясының төрағасы қызметін атқарды.

"Адырна" ұлттық порталы

Пікірлер