Министрліктен - әкімдікке. Бұрынғы министр Жамбыл облысының әкімі болып тағайындалды

1335
Adyrna.kz Telegram

Бұған дейін Ауыл шаруашылығы министрлігін басқарып келген Ербол Қарашөкеев Жамбыл облысының әкімі лауазымына тағайындалды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Атаулы жарлыққа мемлекет басшысы 2023 жылдың 5 қыркүйегінде қол қойды. Құжатта:

"Ербол Шырақпайұлы Қарашөкеев Жамбыл облысының әкімі лауазымына тағайындалсын", – делінген. Мұны Ақорданың ресми сайты жариялады.

Ербол Қарашөкеев 1976 жылы Алматы облысында дүниеге келген.

Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетін, Қазіргі заман гуманитарлық институтын бітірген.

Еңбек жолын 1998 жылы ҚР Статистика агенттігінің Талдау және конъюнктуралық зерттеулер басқармасының бас маманы болып бастаған.

2021 жылғы 1 қыркүйектен бастап Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрі қызметін атқарып келді.

2023 жылғы 4 қыркүйек күні мемлекет басшысының жарлығымен Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрі болып Айдарбек Сапаров тағайындалды.

"Адырна" ұлттық порталы

Пікірлер