Медведев Ресейге қосылатын аймақтардың қатары "артуынан" дәмелі

1593
Adyrna.kz Telegram

Ресей Федерациясы Қауіпсіздік Кеңесі төрағасының орынбасары Дмитрий Медведев өзінің телеграм арнасында Ресейге "қосылатын аймақтар" жайында жазды. 

Мұндай хабарландыруды Медведев "жаңа аймақтардың Ресейге қосылғанына" бір жыл толғанда айтты.

Ол пафоспен жазған пікірінде өздерінің "жеңіске жететінін" және "Ресейге қосылатын аймақтар саны артатынын" атаған. Алайда ол бұл қандай аймақтар екенін атын атап, түсін түстемеген.

Медведев бір жыл бұрын Ресей басып алған Украина аймақтарындағы референдумдарда  Украина жергілікті тұрғындардың "өз Отанымен бірге болу туралы тағдырлы шешім қабылдады" дейді.

Еске сала кетейік, Ресейдің Украина аймағында жүргізілген басқыншылық қадамдарының бір жылдығына орай Қызыл алаңда концерт қойылғаны хабарлағанбыз.

"Адырна" ұлттық порталы

Пікірлер