Мектепке бармай, құрбысының үйінде болған 10 жасар қыздың анасы жауапқа тартылды

1927
Adyrna.kz Telegram

Қарағанды облысында сабақтан кейін үйіне қайтпаған бастауыш сынып оқушысының анасы жауапқа тартылды, деп хабарлайды "Адырна" тілшісі Stan.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап. 

Қарқаралы аудандық ішкі істер бөліміне өңір тұрғын 29 қыркүйек күні сағат 23:40 шамасында хабарласып, 10 жасар қызының жоғалғанын айтып дабыл қаққан.

Анасының айтуынша мектеп оқушысы түстен кейін сабаққа кетіп, сағат 19.00-де мектептен қайтуы керек болған.

"Бірақ қыз үйіне оралмаған. Дабыл қаққан әйел қызын өзі іздей бастағанымен, іздестіру нәтиже бермеген. Әйел полицияға қызы жоғалып кеткеннен кейін бес сағатқа кешігіп хабарласқан", - деп хабарлады Қарағанды ​​облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Бүкіл полиция бөлімі іздестіру шарасын жүргізіп, жоғалған қызды тапқан. 10 жастағы бүлдіршін мектепке бармай, күні бойы құрбысымен бірге болғанын анықтады. Ал сағат 19.00-де оқушы қыз құрбысының үйінен кеткеннен кейін оны ешкім көрмеген. Шұғыл іздестурі шараларынан кейін қызды тапқан.

"Жедел іздестіру топтары әр үйді аралап, жертөлелерді, шатырларды, кәріз құдықтарын тексерді. Бір жарым сағаттан кейін қыз аман-есен табылды. Ол үйге жаяу келе жатқанын, бірақ жолда қатты жаңбыр жауа бастағанын айтты. Жауында қалмас үшін домбыра ескерткішіндегі қуыста күткен. Сол жерде жайғасып, ұйықтап қалған", - деп қосты полиция.

Жоғалған қызды арнайы мамандар тексерістен өткізді. Бүлдіршін психологпен сөйлескеннен кейін өз анасына қайтарылды. Мектеп оқушысының анасына қатысты облыстық ӘҚБтК-нің 127-бабы "Кәмелетке толмаған баланы тәрбиелеу және (немесе) оқыту, құқықтары мен мүдделерін қорғау жөніндегі міндеттерді орындамау" бойынша әкімшілік хаттама толтырылды.

Пікірлер