Пышақ ала жүгірген. Өскеменде мектеп оқушыларының әрекетінен кейін директорға қатысты тексеріс басталды

1835
Adyrna.kz Telegram
Фото: Бейнеден алынған
Фото: Бейнеден алынған

Өскеменде пышақ жарақатын алған оқушылардың ісі тексеріліп жатыр, деп хабарлайды "Адырна" тілшісі Қазақпаратқа сілтеп.

Бірнеше күн бұрын қаладағы орта мектептердің бірінде ерегесіп қалған екі оқушының бірі қалтасынан жиналмалы пышақ алып, қарсыласына сұғып жіберген. Пышақ алып жүрген оқушы да абайсызда өзін де жаралап алған.

ШҚО Денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің ақпаратынша жарақат алған оқушылар қалалық ауруханаға жатқызылған. Қазір олардың жағдайы қалыпты.

Ал Өскемен қалалық білім бөлімінің хабарлауынша, оқиға орын алған мектептің директорына қатысты тексеру жүргізіліп жатыр.

«Аталған факті бойынша білім бөлімі қызметтік тексеру жүргізіп жатыр. Мектеп әкімшілігі тәртіптік жазаға тартылды. Ауруханаға жатқызылған балалардың жағдайы тұрақты бақылауда. Мектеп директорына қатысты қызметтік тексеру тағайындалған. Қабылданған шаралар туралы қосымша хабарланатын болады», - делінген ақпаратта.

Пікірлер