Ауғанстанға аттанған қазақстандық құтқарушылар тағы бір жойқын жер сілкінісін тіркеді

2077
Adyrna.kz Telegram
Фото ©️ Tengrinews.kz / Алихан Сариев
Фото ©️ Tengrinews.kz / Алихан Сариев

Қазақстандық құтқарушылар тобы жеткен Ауғанстанда тағы да жойқын жерасты дүмпулері тіркелді, - деп хабарлайды "Адырна" порталы Tengrinews.kz-ке сілтеп.

Тағы бір жер сілкінісі 11 қазан күні таңертең жергілікті уақыт бойынша 05:15 шамасында (Астана уақыты бойынша 06:40) елдің батысындағы Герат қаласының маңында болды. Бірінші дүмпуден кейін бірнеше айтарлықтай байқалатын афтер дүмпулер болды.

Бұл уақытта қазақстандық құтқарушылар жер сілкінісінен ең қатты зардап шеккен Гераттан 60 шақырым жердегі Ноферафи ауылына жетіп үлгерді. Жедел-құтқару жасағының қызметкерлері түннің бір уағына дейін шатырлы қалашық құрды.

Таңертең оларды қатты жер сілкінісі таң қалдырды. Адамдар шатырлар мен көліктерден қашты. Қуанышқа орай, ешкім зардап шеккен жоқ.

Айта кетейік, жер асты дүмпулері әлі де жалғасып жатыр. Соңғы байқалған жер сілкінісінің салдарынан 5-10 шақырым жерде орналасқан көрші ауыл қирап қалған болатын. Зерттеулер бойынша жер сілкінісінің ошағы одан алыс емес болса керек.

Естеріңізге салсақ, Ауғанстанда 7 қазанда күшті жер сілкінісі болды. Қаза тапқандар саны екі мыңнан асты. Бұдан кейін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ауғанстанға гуманитарлық көмек көрсетуді тапсырды.

Пікірлер